Алматыда тағы қайғылы жағдай: Такси жүргізушісі әжейді қағып өлтірді

24 Маусым 2025, 15:39
5325
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив/ Артём Чурсинов
Фото: BAQ.KZ - архив/ Артём Чурсинов

Бүгін Алматы қаласының "Көктем" ықшамауданындағы аулалардың бірінде жасы келген әйелді көлік қағып, алған ауыр жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, 1948 жылы туған әже ауламен жүріп келе жатқан. Сол сәтте Infiniti FX35 маркалы жол талғамайтын көлік артқа қарай шегініп келе жатып, оны қағып кеткен. Болжам бойынша, жүргізуші қолында азық-түлік толы сөмкесі бар үйіне қайтып келе жатқан әйелді байқамай қалған. Әйел оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды.

Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының кезекші бөлімі хабарлағандай, бұл қайғылы жол-көлік оқиғасы бүгін күндізгі уақытта Бостандық ауданында болған.

Аталған факті бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Алматыда қайғылы оқиға болғанын бұған дейін хабарладық. Әлия Молдағұлова көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан 29 жастағы қыз секіріп кетіп, қаза тапқан болатын.

Сондай-ақ, Алматы облысында екі адамды пойыз қағып кетіп, салдарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы