Алматыда тағы да жер сілкінді

11 Желтоқсан 2022, 16:55
4288
Бөлісу:
Алматыда тағы да жер сілкінді

11 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 14:17-де тағы жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 359 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ "СТӘК" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 11 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 14:17-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы  Алматыдан оңтүстікке қарай 359 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.3.

MPV магнитудасы - 4.5.

Тереңдігі - 5 км.

Сезілуі туралы ақпарат жоқ.

11 желтоқсанға қараған түні сағат 1:22-де Алматыдан оңтүстікке қарай 282 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелген болатын.

Өзгелердің жаңалығы