Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріледі

18 Мамыр 2023, 07:28
665
Бөлісу:
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріледі
Фото: aikyn.kz

Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені заңсыз тұрғызылған үйлердің тізіміне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жолы Обсерватория көшесі, 104/4 мекенжайында орналасқан «Арман» таунхаусы бойынша сот талқылаулары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Алматыдағы Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті.

Басқарма мәліметінше, тұрғын үй кешенінің 1-ші нүктесінен келісілген эскиздік жобадан ауытқу тіркелді, 2-ші нүктеден рұқсат құжаттамасы жоқтығы анықталды.

Бүгінгі таңда бірінші орынды меншік иесі өз бетінше пайдалануға берді. 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімге ұйғарым бере отырып, тапсырыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабының 1-бөлігі бойынша шаралар қабылданды. Былтыр 14 қазаннан бастап тапсырыс беруші ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша нұсқаманы орындамағаны үшін жауапқа тартылды, – делінген басқарма хабарламасында.

Басқарма нысанды пайдалануға қабылдау және бұзу актісінің күшін жою туралы сотқа талап арыз жолдады, бүгінгі таңда сот талқылаулары жүріп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы