Алматыда табиғи газ тарту үшін несие берілуде

2 Қыркүйек 2020, 12:28
2643
Бөлісу:
Алматыда табиғи газ тарту үшін несие берілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматының жылу беру маусымына дайындығы туралы өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты.

Тағы бір маңызды мәселе – КСК-ларда үйлердің дайын болмауына қатысты барлық жерде болмаса да, жекелеген фактілер бар. Бұлар бойынша аудан әкімі аппараттары бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Жылу беру маусымы (15 қазан) басталғанға дейін дайындықты 100%-ға жеткізу жоспары тұр, - деді ол.
Әсет Масабаев брифинг барысында электро кешендердің пайдаланатын отындарына да тоқталды.
«Алматы электр станциялары» АҚ бойынша қазір көмірді пайдалану 215%-ға, мазут - 121%-ға артығымен орындалып отыр. Ал, «Алматы. Теплокоммун энерго» АҚ-тың 83 қазандығының дайындығы 100%-ға жақындады. Тағы бір айта кетерлік дүние, қазір көмірді пайдаланатындар саны жыл өткен сайын азайып келеді. Оның себебі, қала бойынша жекелеген үйлер табиғи газға ауысуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы 2 жылда бітеді деген жоспар бар. Жалпы, қала бойынша жекелеген үйлер саны 149 мыңнан асады. Газға қосылмаған үй саны – 2800, - деді ол. 
Басқарма басшысы табиғи газды өз күшімен тартуға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін 10 тамыздан бастап Халық банкі арқылы несие беріліп жатқанын айтты.
Тұтынушы Халық банкі арқылы пайызсыз, өсімпұлсыз несие беріліп жатыр. Банктің екі бөлімшесі жұмыс істеп жатыр. Бүгінге дейін 70 адам хабарласты, оның 3-іне берілді. Қалғандары бойынша әлі қаралып жатыр, - деді Масабаев.


Өзгелердің жаңалығы