Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда суға түсуге қауіпті 9 су қоймасы анықталды

13 Мамыр 2025, 14:05
359
Бөлісу:
 ӨКҚ
Фото: ӨКҚ

Былтыр суға түсудің ережесін бұзған 40 адам әкімшілік жауапқа тартылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы қалалық ТЖД Өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

Алматының аумағы мен тауға жақын жерлерде орналасқан 44 су қоймасының 9-ы суға түсуге қауіпті.

1. Шаңырақ пен Дархан ықшамауданындағы Үлкен Алматы өзені – Алатау ауданы;
2. Дархан ықшамауданындағы Үлкен Алматы өзені – Алатау ауданы;
3. Әл-Фараби мен Навои жақтағы Үлкен Алматы өзені - Бостандық ауданы;
4. Кемел ықшамауданындағы Первомайские пруды – Жетісу ауданы;
5. Кіші Алматы өзені (Бутаковкаға бұрыла бергенде) – Медеу ауданы;
6. Юннатское өзені – Медеу ауданы;
7. Қарасу ықшамауданындағы тоған - Алатау ауданы;
8. Аэропортовское өзені – Түрксіб ауданы;
9. Қарасу жақтағы өзен (Шестуха) – Түрксіб ауданы.

- Суға түсуге төрт жерде рұқсат етілген. Олар Сайран көлінің батыс және шығыс жағында, "Гүлдер" демалыс орны мен "Баум" бағының аумағындағы жағажайда ғана суға түсуге рұқсат. Бірақ қазір бұл су қоймалары суға тола қоймаған. Сайран көлінде былтырдан бері жағалауды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Д. Қонаев атындағы ҮАӨ-де гидротехникалық құрылымдар күрделі жөндеуден өтіп жатыр,- деді Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қуаныш Оспанов. 

Судағы қауіпсіздікті күшейту үшін, Департамент қазір полиция қызметкерлерінің, құтқарушылар мен еріктілердің басын қосып, рейд жасап жатыр. Былтыр суға түсудің әдеб-ережесін өрескел бұзған 40 адам әкімшілік жауапқа тартылған. 

ТЖД өкілі оқыс оқиға болмас үшін, құтқарушылар суға түскен кезде аса сақ болуға шақырды. 

- Судың жағасында балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Жүзе алмасаңыз, суға тереңдеп бойламаңыз;
- Суға түскенде бір-біріңізден көз жазып қалмаңыз;
- Арнаулы белгі қойылған жерден алысқа ұзамаңыз;
- Көпірден, жағадан, қайықтан суға секірмеңіз;
- Түнде де суға түспеңіз.

Өзгелердің жаңалығы