Алматыда субұрқақта балаларды тоқ соқты: Әкімдік мән-жайды түсіндірді

20 Маусым 2021, 18:48
1275
Бөлісу:
Алматыда субұрқақта балаларды тоқ соқты: Әкімдік мән-жайды түсіндірді

Алматы, BAQ.KZ. Кеше Қазақ мемлекеттік циркі ғимаратының жанындағы субұрқақта үш адамды тоқ соқты. Осыған қатысты әкімдік мән-жайды түсіндірді.  

Оқиға болған күні субұрқақ қалыпты режимде жұмыс істеген. Күннің бірінші жартысында кезекші техникалық маман бірнеше рет субұрқақ тостағын тазалап, жұмыс істеп тұрған субұрқақтың ішіндегі қондырмасын (ағындарды) реттеу бойынша жұмыс істеген, бұл аталған оқиға болғанға дейін субұрқақ жабдығының тұтастығы мен қауіпсіздігін растайды, - деп хабарлады Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасынан. 

Басқарма өкілдері таратқан ақпаратқа қарағанда, субұрқаққа тексеру жұмыстары жүргізілген. 

20 маусым күні Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы,«Алматықалажарық» МКК және «Эко Алматы» ЖШС өкілдері субұрқаққа барып, бірлескен тексеру және зерттеу жүргізді. Оның барысында субұрқақ жабдығының жұмысындағы ақауды растайтын техникалық бұзушылықтар анықталмады, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы