Алматыда «Спутник V» вакцинасының 2 компонентін 28 066 адам салдырған

4 Мамыр 2021, 12:01
1390
Бөлісу:
Алматыда «Спутник V» вакцинасының 2 компонентін 28 066 адам салдырған

Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша 3 504 адам вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпанның 1-інен 3 мамыр аралығында қала бойынша барлығы 226 258 адам вакцина салдырған. 25 сәуірден бастап 3 мамырға дейін 2 484 адам QazVac вакцинасын алған. Ал «Спутник V» вакцинасының 2 компонентін 28 066 адам салдырған.

Бүгінгі таңда қалада 211 вакцинация пункті жұмыс істейді, 402 вакцинация бригадасында 1 809 медицина қызметкері жұмылдырылған, тағы 40 көшпелі мобильді бригада іске қосылған.

2021 жылдың 3 мамыр күнгі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 658 жаңа жағдайы тіркелді, оның 602 симптомдық белгілері бар және 52-сі симптомсыз. Барлық емделіп шығарылғандар – 200, келіп түскендер – 252 науқас. Барлық инфекциялық стационарда 3 767 адам бар, оның 99-ы бала, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 5 176 науқас амбулаториялық бақылауда екені айтылған, оның ішінде 4 549 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар, ал 627 адамда симптомсыз.

Өзгелердің жаңалығы