Алматыда шетелдіктерді емханаларға тіркеу тәртібі қандай?

17 Қазан 2022, 15:00
1082
Бөлісу:
Алматыда шетелдіктерді емханаларға тіркеу тәртібі қандай?

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ЕАЭО елдерінен келген шетелдік азаматтар мен еңбек мигранттары Алматыдағы емханаға қалай тіркеліп, қалай медициналық көмек ала алатыны жөнінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнәр Ысқақова Қазақстанда 15 қазанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін таңдау арқылы жыл сайынғы тіркелу науқаны басталғанын және ол 15 қарашаға дейін жалғасатынын айтты.

 Бүгінде Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті 73 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы көрсетеді, оның 40-ы мемлекеттік, қалғаны жекеменшік. Бүгінгі таңда 6 жаңа тапсырыс жеткізуші алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге және тіркеуге ниет білдірді, - деді Г.Ысқақова

Тіркелудің үш мүмкіндігі бар: тіркелу науқаны аясында, еркін таңдау және қоныс аударуға байланысты. Г.Ысқақова қажет болған жағдайда учаскелік дәрігер сізге көмектесіп, үйде бақылап отыруы үшін тұрақты тұрғылықты жерде орналасқан емхананы таңдауды ұсынады.

Сондай-ақ ол өткен жылдың 15 тамызынан бастап шетелдіктер мен еңбек мигранттары үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға тіркелу ережелері өзгергенін айтты. Енді оларда ерікті медициналық сақтандыру шарты болуы керек.

Егер шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын болса немесе тұруға ықтиярхаты болса, ол міндетті медициналық сақтандыру жүйесі және медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша көмек алуға құқылы. Бүгінгі таңда Алматы қаласының емханаларына 22 мыңнан астам шетел азаматы тіркелген. Олардың ішінде Ресей Федерациясының 5 мыңнан астам азаматы бар, - деді Г.Ысқақова.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті емдеу-профилактикалық іс-шаралар бөлімінің басшысы Ләйлә Иманғалиева науқан барысында алғашқы медициналық-сараптамалық көмек ұйымына тіркелген азаматтар ол арқылы тек 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек ала бастайтынын айтты. Яғни, 31 желтоқсанға дейін оларға бұған дейін тіркелген емханада қызмет көрсету жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы