Алматыда шетелдік туристер ағыны 73% өсті

11 Қараша 2023, 04:43
592
Бөлісу:
Алматыда шетелдік туристер ағыны 73% өсті
Фото: baq.kz

Алматыда биылғы бірінші жартыжылдықта шетелдік туристер саны 73% өсіп, 261 мың адамнан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласының туризм басқармасына сілтеме жасап.

Жыл соңына дейін Алматыға келетін шетелдік туристер саны жарты миллион адамға дейін жетеді деп болжанып отыр.

Алматыға шетелден ғана емес, еліміздің өзге өңірінен де келетіндер көп. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ішкі туристер саны 710 мың адамға жетіп, 14%-ға ұлғайды. Жалпы, туристердің жалпы саны 972 157 адам, бұл 25,5%-ға өсті.

Туристердің жайлы демалысы үшін биыл 3 кемпинг аймақты (Ақбұлақ, ҮАК және Мыңжылқы) орнату жұмыстары аяқталды. Шатырлы орындар, төбесі жабық беседкалар, үстел-орындық, «Алтыбақан» ұлттық стиліндегі әткеншектер орнатылды.

Сонымен қатар, Кіші Үлкен Алматы, Проходное, Бутаковка шатқалдарын абаттандыру жұмыстары аяқталып, Қарғалы шатқалында жұмыс қолға алынған. Маршрут бойында навигациялық көрсеткіштер, ақпараттық стендтер, қалқандар, тіректер, түрлі-түсті нұсқаушы белгілер, беседкалар (әйнектелгендерді қосқанда), орындықтар, демалуға арналған платформалар, көпірлер мен қоршаулар орнатылған.

Өзгелердің жаңалығы