Алматыда үш адамның өліміне себепкер болған жүргізушіге сот үкімі шықты

20 Ақпан 2019, 16:06
1851
Бөлісу:
Алматыда үш адамның өліміне себепкер болған жүргізушіге сот үкімі шықты

Астана, BAQ.KZ. Алматы аудандық сотының судьясы Роман Селицкий 34 жастағы сотталушы Ілияс Карды 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім етті. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейтін болады. Сондай-ақ, оған 7 жыл көлік жүргізуге тыйым салынды.

Мемлекеттік айыптаушы Ілияс Карды 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 29 желтоқсанда болды. Абай және Сейфуллин көшелерінің қиылысында Mersedes Gelаndеwagen мен Mitsubishi Galant көліктері соқтығысқан. Бірінші көлік бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Жол апатынан 3 адам - Mitsubishi Galant жүргізушісі мен екі жолаушы көз жұмды. Олардың арасында белгілі актриса Шолпан Елгезек бар. Кейін белгілі болғандай, 34 жастағы Gelаndеwagen жүргізушісі көлігін мас күйінде жүргізген.

Бұған дейін Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында үш адамның өліміне қатысты Гелендваген жүргізушісі Ілияс Кардың ісі қаралып жатқанын хабарлаған болатынбыз. Тергеу амалдары бойынша, Ілияс Кар жол ережесін бұзу, жол-көлік оқиғасы орнынан кету және рөлге мас күйінде отыру ісі бойынша айыпталда. Сот барысында күдікті өзіне тағылған айыптардың кейбірімен келіспейтінін жеткізді.

Mercedes Gelandewagen жүргізушісі, 1985 жылғы Ілияс Кар сот алдында ҚР Қылмыстық кодексінің 345-інші және 347-баптары бойынша жауап берді.

Айта кетейік, аталған жол апатынан аман қалған жалғыз жолаушы - актриса Айзада Сатыбалдиева қабырғалары сынып, ауыр халде ауруханаға түскен болатын. Екі аптадан соң актрисаның жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.

 

Өзгелердің жаңалығы