Алматыда сауда саласындағы 2 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

Тексеру нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, жалпы сомасы 82 млн теңгеден асатын айыппұл салуға негіз анықталды.

 Алматы қаласы әкімдігі 5 Қараша 2026, 06:35
5 Қараша 2026, 06:35
37
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда жыл басынан бері сауда саласында 2 003 заңбұзушылық тіркелді. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген мөлшерден артық сауда үстемесін қосу деректері бар.

Қолданыстағы талап бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне қосылатын сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы тиіс. Бұл шектеу негізгі азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталған.

Тексеру нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, жалпы сомасы 82 млн теңгеден асатын айыппұл салуға негіз анықталды.

Бақылау шаралары сауда желілерінде, супермаркеттерде, базарлар мен үй маңындағы дүкендерде жүргізіліп жатыр.

Наверх