Алматыда салынатын BRT бірінші учаскесінің жобасы мемлекеттік сараптамадан өтті

18 Шілде 2024, 17:46
601
Бөлісу:
Алматыда салынатын BRT бірінші учаскесінің жобасы мемлекеттік сараптамадан өтті

Алматыда салынатын BRT бірінші учаскесінің жобасымемлекеттік сараптамадан өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеуинституты Райымбек даңғылы бойымен жүрдек автобус көлігіне арналған жолдың бірінші учаскесінің(BRT) жобасын іске асырудағы маңызды кезеңнің аяқталғанын хабарлады. Жоба мемлекеттік сараптамадан сәтті өтті. Ұзындығы 1,7 шақырым болатын бірінші учаске Пушкин көшесінен Сейфуллин даңғылынадейінгі бөлікті қамтиды. Қазіргі кезде құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ)жүргізуге конкурстық рәсімдерді өткізуге дайындық жүріп жатыр.

Бұл жоба қала көшелерінде кептелісті азайтуға және қоғамдық көліктің сапасын арттыруға бағытталған көлік инфрақұрылымын жақсарту стратегиясының бір бөлігі. Райымбек даңғылындағы BRT жобасын іске асыру Алматы тұрғындары мен қонақтарыүшін жылдамәрі ыңғайлы қоғамдық көлік жүрісін жақсартуға бағдарланған, – деп атап өтті«Алматыбасжоспар» ҒЗИ басдиректоры Асхат Садуов.

Еске салсақ, BRT жолы Алтын орда көшесінен Жетісу көшесіне дейінгі аралықты қамтитытн болады. Жалпы ұзындығы – 17 км. Райымбек даңғылының Ахрименко көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі 1 кезеңін салу 2024 жылы басталады.

Бұл бөлік 2 кезекке бөлінген:

1-кезек Пушкин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін.

2-кезек Сейфулин даңғылынан Ахрименко көшесіне дейін.

2 кезең - Ахрименко көшесінен «Барлық» базарына дейін (2025-2026 жылдары).

BRT – қоғамдық көлікке арналған арнайы линиялар. Бұл қаланың едәуір бөлігін қамтитын, қаланың қажетті нүктесіне тез және ыңғайлы жетуге мүмкіндік беретін жедел транзиттікдәліз жүйесі. Ыңғайлы маршруттар жәнеқаланың шалғай аудандарынақосылу мүмкіндігі жасалады. Мысалы, Райымбек даңғылында BRT құружобасын іске асыру кезіндебөлінген жолақтардың ұзындығы«Алтын Орда» көлік-трансплантациялау торабын қоса алғанда, өседі. Қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығы 70%-ға артады, - деді «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС көліктік жоспарлау бөлімінің басшысы Сергей Ященко.

Жақын арада құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауғатендер жариялау жоспарланған. Бұл шара ауқымды жобаны іске асыру жолындағыкелесі қадам болады.

Өзгелердің жаңалығы