Алматыда сәбилерді сату қылмысы анықталды

12 Қыркүйек 2022, 11:33
1556
Бөлісу:
Алматыда сәбилерді сату қылмысы анықталды

Бұл туралы ІІМ қызметкері Шұғыла Тұрлыбек министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі. 

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында заңсыз асырап алу мақсатында жаңа туған балаларды сату фактілерін анықтады.Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және бала жоқ отбасылық жұптарды іздестірумен, сондай-ақ балалардың тууы туралы жалған куәліктерін дайындаумен айналысқаны анықталды, - деді ол. 

Тұрлыбек атағандай, аталған факт бойынша кәмелетке толмағандарды сату бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Маңғыстау облысында күш қолдану арқылы 30 жастағы қызды жыныстық мақсатта пайдалану үшін ұрлап кеткен 43 жастағы ер адам ұсталды.Қылмыстық кодекстің 125-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Абай облысында 32 жастағы әйел анықталып, ұсталды, ол үш апта бойы алдау жолымен 17 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға тартып, табысын өзі алған.Аталған факт ҚК-нің 134-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді, - деді ол.

Сондай-ақ Қостанай облысының қызметкерлері жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін массаж салонын жалға берген әкімшіні ұстады.Осыған қатысты ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Өзгелердің жаңалығы