Алматыда сәтті жүзеге асырылған әлеуметтік жобалар таныстырылды

6 Қыркүйек 2020, 14:45
2035
Бөлісу:
Алматыда сәтті жүзеге асырылған әлеуметтік жобалар таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен оның орынбасары Ержан Бабақұмаров Жетісу ауданының жүзеге асырылған жобаларын негізгі ала отырып, аудандық әкімдерге семинар өткізді.


Семинарға барлық аудандардың әкімдері және әлеуметтік блоктың қалалық басқармалар басшылары қатысты. Семинар барысында Жұмыспен қамтудың жол картасы, «Бюджетке қатысу» және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында сәтті жүзеге асырылған жобалар таныстырылды. Олардың ішінде бірқатар жобалар көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын оқытуды дамытуға бағытталған.

Мысалы, «Шыңға өрлеу» әлеуметтік балалар клубы. Клубқа қатысатын балалар қызығушылықтарына қарай: бейнелеу өнері, актерлік шеберлік, домбыра, дойбы және шахмат, вокал, музыкалық және би үйірмелерін, емдік дене шынықтыруды және өз бетінше дайындалу сағаттарын таңдай алады. 
Сонымен бірге семинарға қатысушылар музыкалық аспапта ойнауды үйрететін «Домбыра орталығы» мемлекеттік орталығының жұмысымен танысты. Орталықта балаларға домбыра тарту бір жыл бойы тегін үйретіледі. Атап өтетін жайт, орталық демеушілік көмектің арқасында қызмет етуде. 
Сонымен бірге, семинарға қатысушылар Айнабұлақ-4 шағын ауданындағы №24 мемлекеттік кітапханаға барды. Жетісу ауданының тұрғындарына 13 924 көлеміндегі кітап қоры қолжетімді болған. Оның ішінде қазақ тілінде – 6124 кітап, орыс тілінде – 7800 кітап бар, - делінген ақпаратта.
жоба12.jpeg

Аудан әкімдері және басқарма басшылары жастарды спортқа тарту және салауатты өмір салтына тәрбиелеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыспен танысты. 
Семинарға қатысушылар «Айнабұлақ жекпе-жек орталығы» жобасының жұмысын ұйымдастырумен танысты. Орталық  200 шаршы метр аумақта орналасқан. Жетісу ауданы тұрғындарының спортқа деген қызығушалығын арттыру мақсатында орталықта келесідей секциялар бар: кикбоксинг, каратэ, дзюдо, жалпы физикалық дайындық, әйелдер бағдарламасы, аралас жекпе-жек, йога, у-шу саньда. Орталықта қоғамдық жұмыс аясында Халықты жұмыспен қамту ортылығы арқылы жұмысқа орналасқан 10 жаттықтырушы қызмет етеді.
Жаттығуларды қолайлы өткізу үшін «Айнабұлақ жекпе-жек орталығына» жарық жүргізіліп, 5 бокс грушалары, 50 шаршы метрге арналған татами орнатылған. Сонымен бірге, тәулік бойы күзет және видеобақылау жұмыс істейді. Сонымен бірге, қатысушылар балаларға 5 локация бойынша футболды үйрететін тегін бағдарламамен танысты. Жобаның мақсаты – балаларды спортқа тарту, сонымен бірге салауатты өмір салтын тәрбиелеу. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы қоғамдық жұмыстарға балаларға футболды үйрету бағдарламасына бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 10 жаттықтырушы жолданған, - делінген ақпаратта.
Сонымен бірге, аудан әкімдері және басқарма басшылары үлгілі тұтынушы пәтер иелері коопреативі жұмысын бағалады. Аталған ТПИК 1996 жылы құрылған, жалпы саны 576 болатын 8 үйге қызмет көрсетеді. 

Семинар соңында қатысушылар Әбу Насыр Әл-Фараби ескерткішіне барды. Мүсін жанында сахна орналасқан, онда үйірмелер мен шығармашылық клубтардың қатысушылары өнерлерін көрсетеді. 

Семинар қорытындысы бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров аудандық әкімдерге Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың белгіленген орындарда сәтті және мақұлданған тәжірибені тираждау туралы тапсырмасын орындауда жұмысты жедел бастауды тапсырды.




Өзгелердің жаңалығы