Алматыда Роза Бағланова тұрған үйге мурал салынды

Мурал тұрғындардың әкімдікке жасаған өтініші негізінде жүзеге асырылды.

 Алматы әкімдігі Бүгiн 2026, 01:50
Бүгiн 2026, 01:50
606
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда КСРО Халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Роза Бағлановаға арналған мурал салынды.Әншінің бейнесі Медеу ауданындағы Самал-3 шағынауданы, 21-үйдің қасбетіне бейнеленді.

Мурал тұрғындардың әкімдікке жасаған өтініші негізінде жүзеге асырылды. Осыдан кейін көркем нысанды жасау жұмыстары ұйымдастырылған. Жобаның ерекше маңыздылығы – Роза Бағланованың кезінде дәл осы үйде тұрғанында.

Жобаны дайындау және жүзеге асыру жұмыстарына Роза Бағланованың келіні Марал Бағланова да қатысқан.

Осылайша, Халық әртісінің жарқын бейнесі енді халық жадында әрі ұлттық өнер тарихында ғана емес, Алматы қаласының сәулеттік келбетінде де мәңгілікке сақталмақ, – де п жазылғанАлматы әкімдігі таратқан хабарламада.

Наверх