Алматыда қызылшамен ауырған балалардың саны екі мыңнан асып кетті

29 Қараша 2023, 10:26
968
Бөлісу:
Алматыда  қызылшамен ауырған балалардың саны екі мыңнан асып кетті
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, наурыз айынан бастап қызылшаның 2653 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 2084 баладан қызылша анықталған, 1 жасқа дейінгі балалардың саны 275-ке жеткен.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының қоймасында 77811 доза мөлшерінде ҚҚП вакцинасы бар. Балалар арасындағы аурушаңдық негізінен вакцинадан бас тарту себебінен болып отыр. 2084 баланың 1969-ы егілмеген. Мегаполисте наурыз айынан бастап қызылшаның 2653 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2084 жағдай (78,5%), оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар арасында 275 жағдай, - дейді Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы.

Өзгелердің жаңалығы