Алматыда құтқарушылар 8 үйді өрттен сақтап қалды

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

17 Тамыз 2026, 22:51
АВТОР
 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 17 Тамыз 2026, 22:51
17 Тамыз 2026, 22:51
162
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматы қаласының Алатау ауданында қураған шөп өртеніп, өрт 8 жеке тұрғын үй мен 6 шаруашылық құрылысқа тарау қаупі төнді.

«112» пультіне Османов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жырадағы қураған шөптің жанғанын анықтады.

Жедел әрекеттің арқасында өрттің жақын маңдағы тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарға таралуына жол берілмеді.

Өрт толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Наверх