Алматыда қоқыс шығару төлемдеріне жеңілдіктер енгізілді: Кімге қанша жеңілдік беріледі?

Алматы прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады.

 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев 14 Қазан 2026, 20:47
14 Қазан 2026, 20:47
184
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Алматыда қоқыс шығару төлемдеріне берілетін жеңілдік қарастырылды. 

Талдау шеңберінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметтеріне ақы төлеу кезінде жеңілдіктер алуға азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын сақтауда, бұзушылықтар анықталған.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша Алматы қаласы мәслихатының «Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіту туралы» шешіміне азаматтардың жекелеген санаттары үшін жеңілдіктер қарастыратын өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысының қатысушылары ҚТҚ шығару қызметтеріне ақы төлеуден босатылды, оларға теңестірілген тұлғаларға, бірінші топтағы мүгедектерге, бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне, сондай-ақ жетім балаларға 50 % жеңілдік белгіленді. Екінші топтағы мүгедектер мен азаматтардың басқа да әлеуметтік осал топтарына 25 % жеңілдік қарастырылған. Жоғарыда аталған жеңілдіктерді алу үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдарға қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жүгіну қажеттігін түсіндіреміз, - деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау, прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қалатынын еске салады.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылған 779 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. 

Тағы оқи отырыңыз: 

СҚО-да мектеп бухгалтері мен мұғалімі 89 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

Бордақылау алаңын салғысы келген инвесторға кедергі келтірген әкім жауапқа тартылды

Кездесуге шақырып, ұрлап әкеткен: Астанада жәбірленушілерді кредит алуға мәжбүрлегендер ұсталды

Наверх