Алматыда қонақүйді шулатқан аноним іздестірілуде

4 Қыркүйек 2023, 11:01
390
Бөлісу:
Алматыда қонақүйді шулатқан аноним іздестірілуде
Фото: Нұркен Алишев - архив

Кеше кешке белгісіз адам қоңырау шалып, Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйіне "жарылғыш зат қойылғанын" хабарлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қонақтар мен қонақүй қызметкерлері эвакуацияланды.

Алматы полициясының баспасөз қызметі аталған мәліметті растады. Белгілі болғандай, 3 қыркүйек күні сағат 23:51-де Бостандық ауданында орналасқан қонақүйлердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама келіп түскен.

Қаланың барлық жедел қызметі дереу аталған нысанға бағытталды. Қонақтар мен қонақүй қызметкерлері эвакуацияланды. Сапер бөлімшесі көпқабатты үйді екі сағатқа жуық тексерді, - делінген Алматы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында. 

Қуанышқа орай жарылғыш зат табылмаған. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қазір аты-жөні белгісіз тұлғаның жеке басын анықтауға, оны ұстауға және одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы