Алматыда қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді

12 Қазан 2022, 18:35
991
Бөлісу:
Алматыда қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді

Халықаралық қолөнершілер форумы аясында Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы мен Visit Almaty туристік хабында Қазақстан қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің 150-ден астам қолөнер шебері туындысын ұсынады. 

Керамика, киіз, тоқыма, жібектен жасалған және зергерлік және т.б. бұйымдарды көре аласыздар. Форум аясында бұйымдар көрмесі, шеберлік сыныптары, семинарлар, Korpe Fest өтеді. 

Күні: 14-15 қазан, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін. Орны: Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы, Көктем-3 ш/а, 22/1 үй, Visit Аlmaty туристік хабы, Абай, 44.

Өзгелердің жаңалығы