Алматыда қисайған 30 үй қайта жөнделді

26 Шілде 2023, 12:22
909
Бөлісу:
Алматыда қисайған 30 үй қайта жөнделді
Фото: Gov.kz

Алатау ауданына қарасты "Зерделі" шағын ауданындағы 30-дан астам үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде атап өтті.

"Зерделі" шағын ауданын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 30 үйді түзету және нығайту жұмыстары толық орындалды. Қазіргі таңда аула учаскелерін абаттандыру және асфальттау жұмыстары аяқталды, - дейді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, "Отбасы банк" акционерлік қоғамы пәтерлерді кепілге алу мәселесін қарастырады.

"Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау" институтының қорытындысына сәйкес, нығайтылған және түзетілген үйлер одан әрі пайдалануға жарамды. "Отбасы банк" акционерлік қоғамының пәтерлерді кепілге алу мәселесі биылғы жылдың қыркүйек айында реттеледі, - деді қала басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін қала әкімі Алматыда Саин көшесі ұзартылатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы