Әкім: Алматыда Саин көшесі ұзартылады

26 Шілде 2023, 11:50
1185
Бөлісу:
Әкім: Алматыда Саин көшесі ұзартылады
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда жол инфрақұрылымын дамыту бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Саин көшесін ұзарту үшін көлік қозғалысы осы жылдың соңына дейін ашылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде атап өтті.

 Алатау ауданының шағын аудандарындағы көшелер ағымдағы жөндеуден өтеді. Аудан әкімдігіне 500 млн теңге бөлінді. Қалалық мобильділік басқармасы биылғы шілде айында ұзындығы 60 шақырым болатын 63 көшені қамти отырып, 12 шағын ауданда орташа жөндеу жұмыстарын бастады, - дейді қала әкімі.

Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары осы жылдың қараша айында аяқталады.

Бүгінгі күні «Алғабас», «Қарасу» шағын аудандары және Саин көшесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Саин көшесін ұзарту үшін көлік қозғалысын осы жылдың соңына дейін ашамыз. Сондай-ақ Мөңке би мен Ақын Сара көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығында барлық бағыт бойынша қозғалыс 2023 жылдың соңына дейін ашылады, - дейді Ерболат Досаев.

Өзгелердің жаңалығы