Алматыда ҚХА-ның жаңа жобаларын енгізу мәселелері талқыланды

23 Мамыр 2024, 20:42
365
Бөлісу:
Алматыда ҚХА-ның жаңа жобаларын енгізу мәселелері талқыланды
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы облысында ҚХА-ның жаңа жобаларын енгізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыдағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов пен ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің қатысуымен ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кездесу өтті. Өз сөзінде Ғалым Шойкин Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша министрліктің жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты. 

Спикер бүгінде министрлікке 14 мазмұнды тапсырма бекітілгенін, қажетті алгоритмі мен шаралар кешені бар 6 жол картасы әзірленгенін атап өтті. Бұл ретте, халықпен өзара тығыз қарым-қатынасқа, қоғамда ксенофобияның кез келген түріне төзбеуді қалыптастыруға, реформаларды іске асыруға және мемлекеттік органдармен, мәслихаттармен, жергілікті ҮЕҰ-мен және қоғамдастықтармен коммуникациялар құруда ҚХА-ның атсалысуын арттыруға, ҚХА-ға жастарды тарту мен этно-медиацияны дамытуға баса назар аударылды.

Сондай-ақ ҚХА-ның 30 жылдығын өткізу жөніндегі Үкіметтің іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді, қазіргі уақытта жауапты мемлекеттік органдардан ұсыныстар жиналуда. Осыған байланысты, ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерінің басшыларына тиісті іс-шаралар жоспарлауға, сондай-ақ мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына өз ұсыныстарын беруге кеңес берілді. 

Өз кезегінде этномәдени бірлестіктердің басшылары ҚХА-ның алдағы 30 жылдығын мерекелеуге тікелей қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Кездесуде ҚХА-ның жаңа жобаларын енгізу бойынша ұсыныстар айтылды, олардың арасында этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілді ілгерілету, оны күнделікті өмірде қолдану үшін этномәдени бірлестіктер атынан кітапханаларға қазақ тіліндегі кітаптарды тарту ететін «Кітапханаға кітап сыйлайық!» тұжырымдамасы, сондай-ақ Қазақстан этностарының әдеби-мәдени мұрасын және «Кітап-сарқылмас қазына» Қазақстан этностарының жарқын өкілдерінің танымдық тарихи-мәдени мұрасы мен көркем еңбектерін қазақ тіліне аудару мәселелері сөз етілді. Айта кетейік, сол күні республикалық этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен кездесу өтті. 

Өзгелердің жаңалығы