Алматыда қардың айлық нормасының 28%-ы жауған

13 Желтоқсан 2023, 13:10
446
Бөлісу:
Алматыда қардың айлық нормасының 28%-ы жауған
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жауын-шашынның айлық нормасының 28%-ы түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың 12 желтоқсаны сағат 21.00-дегі жағдай бойынша қала мен таулы аймақта12 мм жауын-шашын немесе 22-24 см қар жауды. Бұл айлық норманың 28%-ы

Қар жауған күннен бастап жолдың жүргіншілер бөлігіне көктайғаққа қарсы материалдар себілуде. Тротуар, жалпы пайдалану орындары, қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдерін тазалау жұмысы тоқтаған емес. Түнгі уақытта жол полициясының патрульдік машиналарының сүйемелдеуімен қарды тырмалап тазалауға 17 сыпыру-жинау машиналары жолға шықты. Сағат 00.00-ден бастап кезекті қарды тырмалау жұмысы жоспарланған. Магистральды көшелерден қар шығару жұмыстары жүргізілуде, - делінген ведомство хабарламасында.

44 жедел патрульдік бригада, 421 бірлік арнайы техника, оның ішінде 165 құм таратқыш, 481 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Әкімдік атап өткендей, "Қазгидромет" РМК-ның болжамы бойынша жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы минус 23...25 градус аяз болады.

Осыған орай коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қала тұрғындарынан түсіністікпен қарауды, мүмкіндігінше қала бойынша қозғалысты шектеуді және автокөлікті жол жиегіне қоймауын сұраймыз. Жеке көлікпен жүрудің шұғыл қажеттілігі болмаса, жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, тежегішті күрт баспауға, қашықтықты, бүйірлік аралықты және маневр жасау ережелерін сақтауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілер тротуарда жүргенде абай болып, көшеде белгіленген жермен ғана жүріп, қарттар мен балаларға көмек көрсету керек, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы