Алматы облысының тауларында 6-10 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Сол себепті Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады.
Алматы облысының аумағында Іле Алатауы тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 көшкін қаупі бар учаске орналасқан. Негізінен қар көшкінінің жүруі температураның жоғарылауы және қар аралас жаңбыр түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні жүруі мүмкін қарлы беткейге шықпауды, сондай-ақ, таулы жерде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.
Оқи отырыңыз: