Қала күніне орай Алматыда қызықты әрі мазмұнды түрлі іс-шаралар өтеді. Осы аптадағы ең маңызды мәдени оқиғалардың тізімін қала әкімдігі жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
• 11-17 қыркүйек аралығында сағат 18:30-да Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер байқауы өтеді.
• 12-18 қыркүйек аралығында сағат 16:00-22:00-де «Қазақфильм» киностудиясының аумағында және Наурызбай ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда Қазақ киносы күндеріне арналған ашық аспан астындағы кино ұйымдастырылады. • 13-14 қыркүйек аралығында Абай алаңында сағат 20:00-де жыл сайынғы «Оркестрлер фестивалі» ашық аспан астындағы музыка фестивалі өтеді.
• 16-17 қыркүйекте сағат 10:00 – ден 21:00-ге дейін Тұңғыш Президент саябағында Apple Fest өтеді, ол екі күнге алып Алма саябағына айналады. Бағдарламада алма базары, мейрамханалар жәрмеңкесі, бағдарламалар шоуы бар.
• 15-17 қыркүйек аралығында сағат 12.00-20.00 аралығында қаланың 8 ауданында және Панфилов пен Жібек жолы жаяу жүргіншілер көшелерінде «Туған күніңмен, Алматым!» өтеді.
• 16 қыркүйекте сағат 15:00-де Астана алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Аlmaty cover show» мерекелік концерті болады, ал 17 қыркүйекте сағат 16:00-де Астана алаңында «Сағындым Алматымды» музыкалық фестивалі өтеді.