Алматыда қала күнінде қайда баруға болады?

16 Қыркүйек 2022, 12:18
3362
Бөлісу:
Алматыда қала күнінде қайда баруға болады?

Алматыда қала күні жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде тойланады. Биыл 16-18 қыркүйек аралығында қала тұрғындары мен қонақтары қала күніне орай концерттер, жәрмеңкелер, фестивальдер мен көрмелер секілді көптеген мерекелік іс-шараларды тамашалай алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мерекелік Тұңғыш Президент саябағында, Абай алаңында, Панфилов және Жібек Жолы көшелері, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының алдындағы алаңда, Астана алаңы және «Алматы Арена» мұз сарайында, «Медеу» мұз айдынында, Алатау» дәстүрлі өнер театрында және сауда ойын-сауық орталықтарында өтеді.

16 қыркүйек

15.00. Алматы музейі – «Дос-Мұқасан» ансамблінің 55 жылдығына орай «Алматы түні» көрмесі өтеді.  Көрмеге аты аңызға айналған топтың сахналық костюмдері, музыкалық аспаптары, марапаттары, концерттік афишалары, фотосуреттері мен естелік сыйлықтары, яғни ансамбльдің жеке мұрағатынан барлығы 200-ден астам экспонат қойылады.

15.00. «Алатау» дәстүрлі өнер театры –  Республикалық ақындар айтысы.

16.00. «Медеу» мұз айдыны – «Medeu Party» халықаралық стрит-арт фестивалі.  

17 қыркүйек

17.00. «Астана» алаңы – «Gakku дауысы» заманауи қазақстандық музыка фестивалі.

Бұл күні қаланың барлық ауданында мерекелік концерттер өтеді:

  • Алатау ауданы: «Алатау» дәстүрлі өнер театры алдындағы аумақ;
  • Алмалы ауданы: Mega Park СОО аумағы;
  • Әуезов ауданы: Family park аумағы;
  • Бостандық ауданы: Mega Almaty;
  • Жетісу ауданы: Құлагер шағын ауданының жаяу жүргіншілер аймағы;
  • Медеу ауданы: Орталық мәдениет және демалыс саябағы;
  • Наурызбай ауданы: Шұғыла көшесі, 347 мекен-жайындағы әкімдік ғимаратының алды;
  • Түрксіб ауданы: Сейфуллин атындағы саябақ).

17-18 қыркүйек сағат 11.00-ден бастап Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңда (Жібек Жолы және Панфилов көшелерінің қиылысы) 1940-жылдардан бастап қазіргі күнге дейінгі қаланың мәдени-тарихи дәуіріне арналған «Сүйемін сені, Алматы» фестивалі өтеді.  

18 қыркүйек

10.30. Аюсай визит-орталығы – Сиверс алма апталығы. Оқушылар мен студенттерге арналған "Зерек Алма" смартфонда анимация жасау байқауы, сондай-ақ БАҚ-тың қатысуымен Open Talk өтеді.

11.00. Тұңғыш Президент саябағы – «Алма fest» негізгі мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылады, соның аясында алма жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама және көптеген іс-шара өтеді.  

18.00. Almaty Arena мұз кешені – Salem Almaty концерті.

19.00. «Астана» алаңы – Zhuldyzdy Live концерті. 

Өзгелердің жаңалығы