Алматыда Президенттік әдеби сыйлық жеңімпаздары марапатталды

25 Қаңтар 2024, 15:37
521
Бөлісу:
Алматыда Президенттік әдеби сыйлық жеңімпаздары марапатталды
Фото: автордан

 Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева  Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты табыс етті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласының «Достық үйінде» ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың жеңімпаздарын марапаттады. Жиынға руханият өкілдері, көрнекті ақын-жазушылар қатысты.

Алматыда Президенттік әдеби сыйлық жеңімпаздары марапатталды

Бұл мемлекеттік сыйлық қанша жылдан бері мәдениет саласында, өнер саласында атқарып келе жатқан жұмыстырыңыздың жемісі деп білемін. Ал әдебиет әрдайым халықпен бірге жасап келеді. Шығармашылық тұлғаның қаламынан шыққан туынды – қай кезде де әлемдік контекстегі ұлттық ерекшелігін танытатыны сөзсіз. Хакім Абай бастаған әдебиет алыптарының шығармалары өз уақытында көркемдік көкжиегін кеңейтті. Енді руханияттың осындай ұлы көші өз сапарын тоқтатпай кешегі мен бүгінгіні жалғап келеді. Сондықтан біз әрқашан жас қаламгерлердің шығармашылығын назарда ұстаймыз, – деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Айта кетейік, биыл жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында тұңғыш рет Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалған болатын. Әдеби сыйлық 18-35 жас аралығындағы қаламгерлерге арналған. Байқауға қатысушылар халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларын «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша 30 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне тапсырды.

Алматыда Президенттік әдеби сыйлық жеңімпаздары марапатталды

Байқауға барлығы 53 қатысушының құжаты қабылданды. Олардың ішінде 17 қатысушы – «Балалар әдебиеті» номинациясына, 9 қатысушы – «Драматургия» номинациясына, 13 қатысушы – «Поэзия» номинациясына, 14 қатысушы – «Проза» номинациясы бойынша өтінім берді. Барлық өтінімдер Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындау комиссиясының қарауына ұсынылды.

 Екі кезеңнен тұратын Комиссия отырысында үміткерлер ашық дауыс беру арқылы анықталды.

Алматыда Президенттік әдеби сыйлық жеңімпаздары марапатталды

Комиссияның шешімімен номинация жеңімпаздары келесідей болды:

• «Проза» номинациясы бойынша «Квант» туындысы үшін Досхан Жылқыбай;
• «Поэзия» номинациясы бойынша «Қалалық құстар» өлеңдер топтамасы үшін Еділбек Дүйсенов;
• «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Атың озсын, азамат!» топтамасы үшін Қасым Олжас;
• «Драматургия» номинациясы бойынша «Тау көтерген Толағай» драмалық туындысы үшін Айтолқын Ашимова Президенттік сыйлық иегері атанды.

Алматыда Президенттік әдеби сыйлық жеңімпаздары марапатталды

 «Толағай» өте қысқа жарты беттік ертегі. Бірақ бәрімізге таныс. Сондықтан оны балаларға арналған драмалық шығарма ретінде жазып шықтым. Бірақ әлі қойылған жоқ. Енді ұсынамын. Енді келесі жоспарым – бұл драмалық шығарманы орыс тіліні аударып, қуыршақ театрларына ұсыну. Өйткені қазір Қазақстан 17 қуыршақ театры бар екен, – деді Айтолқын Ашимова.

Өзгелердің жаңалығы