Алматыда полиция қызметкерлері базарларды тексерді

29 Сәуір 2024, 20:50
471
Бөлісу:
Алматыда полиция қызметкерлері базарларды тексерді
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматыда полиция қызметкерлері базарларды тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті рейдтердің мақсаты – заңсыз көші-қон арналарын, шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзу- бір сөзбен айтқанда, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау.

Өткен демалыс күндері біздің бөлімше қызметкерлері 22 базарды тексерді, нәтижесінде 81 шетелдік анықталды, олардың 63-інде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс материалдары жинақталды. Олардың жетеуі сот шешімімен мемлекетімізден шығарылды. Сонымен қатар өздері шақырған шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында заңды болуын қамтамасыз етпеген 24 жеке және заңды тұлғаға әкімшілік шара қолданылды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.

Өзгелердің жаңалығы