Алматыда полиция қызметкері ер адамды ұрған видеосы тарады

27 Қыркүйек 2023, 15:30
1460
Бөлісу:
Алматыда полиция қызметкері ер адамды ұрған видеосы тарады
VIDEO
Фото: BAQ.KZ - архив

Әлеуметтік желіде учаскелік полиция қызметкері ер адамды ұрды деген бейнежазба тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға болған жерде полиция қызметкерлері мен тұрғындардың қоршап тұрғанын көруге болады. Кадрда белгісіз әйел ер адамның полицейлерге бағынбағандықтан учаскелік полиция қызметкері ұрып-соққанын атап өтті.

Алмалы аудандық полиция қызметкері оны себепсіз ұрып-соқты. Серік, сен не істедің, ол өліп бара жатыр! Серік басын жарды, не үшін, тек сауда жасағаны үшін бе? Біздің учаскелік полиция қызметкері бағынбағаны үшін оның басын жарды!, – дейді әйел.

Аталған жағдайға Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олардың айтуынша, полицейдің ер адамға дене жарақатын салғаны туралы ақпарат жалған.

Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Розыбакиев көшесі мен Төле би даңғылы қиылысына жақын орналасқан үй тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша тұрақты түрде стихиялық сауда жасау фактілерін анықтауға және қаланы абаттандыру ережелеріне кері әсерін тигізетін жедел алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Кезекті тексеріс кезінде азамат Ж. анықталды, ол масаң күйде аяғынан тұра алмай құлап кеткен. Оның мастығы медициналық сараптамамен расталған. Оған дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Полицейдің ер адамға дене жарақатын салғаны туралы ақпарат жалған және қоғамды қасақана жаңылыстыру болып табылады, - дейді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы ("Қоғамдық орындарда алаяқтық") талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы