Алматыда полицейлер жыл басынан бері үш телефон лаңкесін ұстады

29 Қаңтар 2024, 21:05
351
Бөлісу:
Алматыда полицейлер жыл басынан бері үш телефон лаңкесін ұстады
Фото: polisia.kz

Алматыда жыл басынан бері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген үш телефон лаңкесі ұсталды, – деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бір жағдайда, экстремизмге қарсы күрес бөлімшесінің хабарлауынша, жасөспірім сауда орталықтарының бірін “миналанған” деп хабарлап, әзілдесуді ойлаған. 

Көбінесе күдіктілер жарылғыш затты адамдар көп жиналатын орындарға қояды. Сонымен қатар әзілқойлар қалыптасқан жағдайдың қаншалықты ауыр екендігін және ықтимал салдарын түсінбейді. Терроризм актісі туралы жалған ақпарат беру нысандардың қызметін бұзады және құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің күшін нақты қылмыстар мен оқиғалардан алшақтатады, сондай-ақ материалдық шығын түріндегі елеулі залалға әкеп соғады, – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Әбіқұлов Дархан. 

Полицияда терроризм актісі туралы жалған хабарлау қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салды. Сонымен қатар жалған лаңкестер сот шешіміне сәйкес оқиға орнына жедел әрекет ету қызметін жалған шақырғаны үшін шығынды толығымен өтейді.

Өзгелердің жаңалығы