Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Ержан Сейтенов онлайн брифинг барысында карантин шараларына байланысты ПИК-ті меншік иелерінің бірлестігіне (МИБ) ауыстыру жыл соңына дейін ұзартылғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, тұрғындар МИБ-ке ауысса, өз үйлерін дербес басқаруға, сондай-ақ оны күрделі жөндеуге ақша жинауға мүмкіндік алады.
Енді МИБ тапсырыс беруші болады. Бұл тұрғындардың өздері басқарушылармен және сервистік ұйымдармен, коммуналдық қызметтермен шарттарды таңдап, жасасатынын, олардың жұмысын тексеріп, орындалған жұмыстарға өз нысаны бойынша ақы төлейтінін білдіреді, - дейді басқарма басшысы.
Қазір Алматыда 359 МИБ тіркелген және басқарудың жаңа нысаны ретінде 367 ҚС (қарапайым серіктестіктер) таңдалған. Қала бойынша барлығы басқарудың 726 жаңа формасы құрылған.
Сейтеновтың айтуынша, бүгінде тұрғын үй саясаты басқармасының қызметкерлері халықпен кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Өткен жылдың өзінде 6 700 көппәтерлі тұрғын үйді қамтумен 2 400-ге жуық жиналыс өткізіліпті. Алайда әзірге көппәтерлі тұрғын үйлердің тек 8%-ы басқарудың жаңа нысанына көшкен.
МИБ-ті тіркеудің төмен қарқынмен жүруінің себептерінің бірі коронавирусқа байланысты шектеулер әсер еткен. Жаппай жиналыстарға тыйым салынған. Дегенмен тұрғындар өздерінің ортақ үйін басқару формасын таңдау туралы бірыңғай шешім қабылдауы керек. Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаннан кейін басқарудың жаңа формаларына көшу әкімдік әзірлеген кесте бойынша жалғасады.
Ержан Сейтеновтің айтуынша, Алматыда 870 ПИК жұмыс істейді, олардың көбі бірден бірнеше жүздеген үйді басқарады. Сондықтан ақша барлығына бөлінеді, ал МИБ-тің артықшылығы бір үйге тиесілі бір шот қана болады.