Алматыда пәтер ұрылары қолға түсті

15 Қыркүйек 2023, 18:31
5522
Бөлісу:
Алматыда пәтер ұрылары қолға түсті
Фото: polisia.kz

Алматыда пәтер ұрылары ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұрыларды ұстау іс-шарасын криминалдық полицияның арнайы тобы мен полицияның арнайы жасағының қызметкерлері “Арлан” қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді. Қазіргі уақытта пәтер ұрлығының 6 дерегіне осы “үштіктің” қатысы бар екендігі белгілі болды.

Күдіктілер қылмыс жасап болған бойда ұсталды. Әуезов ауданында орналасқан пәтерден қаскөйлер 1 миллион теңгенің мүлкін – екі ноутбук пен қолма-қол ақшаны алып кеткен. Ұстау кезінде полицейлер ұрланған заттардан басқа, күдіктілерден кілттер жинағын, жиналмалы пышақ пен электрошокерді тәркіледі. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Айтпақшы, күдіктілер – 30 жастағы К.есімді, Ж.есімді және К.есімді азаматтар. Олар бұрын да осыған ұқсас мүліктік қылмыстарды жасағаны үшін сотты болған. Бұл “үштіктің” жеке басы басқа да ықтимал қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексерілетін болады. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Өзгелердің жаңалығы