Алматыда Панфилов дивизиясының жауынгерлерін еске алды

14 Шілде 2021, 19:10
1946
Бөлісу:
Алматыда Панфилов дивизиясының жауынгерлерін еске алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақта аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының жауынгерлерін еске алуға арналған іс-шара болып өтті. 

316-шы атқыштар дивизиясы 1941 жылғы шілде-тамызда Қазақ және Қырғыз КСР-ның әскерге шақырылушылары мен еріктілерінен құрылды. Оны генерал-майор Иван Васильевич Панфилов басқарды. Ол сарбаздар арасында сыйлы, үлкен құрметке ие қолбасшы болды. Оны «біздің ақсақал», «әкеміз» десе, өздерін «панфиловшылар» деп атады, – дейді Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мереке Күшікбаев.

2021 жылғы 22 маусымда адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың басталғанына 80 жыл толды. Соғыстың басталуы кеңес әскерлері үшін үлкен шығынға әкелген өте қиын кезең болды. Оккупациядан босатылған аумақта жаңа әскери бөлімдер мен құрамаларды құру қажет болды. Сонымен қатар, олар Қазақстанда да құрылды. Биыл елімізде құрылған жиырма әскери бөлімшеге 80 жыл толады.

Даңқты дивизияның құрылғанына сексен жыл толуын атап өтумен біз Ұлы Отан соғысы кезеңінде Қазақстанда құрылған барлық әскери құрамалар мен бөлімдерге құрмет көрсетеміз, – деді Иван Васильевич Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова.

Әскери қызметшілер 316-шы атқыштар дивизиясының тұңғыш командирі, Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, панфиловшы батырлардың аллеясы бойымен салтанатты шерумен жүріп өтті.

Салтанатты шарада Қарулы Күштердің ардагерлері, Құрлық әскерлері Әскери институтының және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы, сондай-ақ Шекара қызметі Әскери академиясында білім алушылар мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қатысты
Өзгелердің жаңалығы