Алматыда «Пәкістанда жасалған-2022» көрмесі өтіп жатыр

22 Мамыр 2022, 11:11
1762
Бөлісу:
Алматыда «Пәкістанда жасалған-2022» көрмесі өтіп жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыға Пәкістанның Исламабад, Лахор, Карачи, Равалпинди және Сиалкот сынды ірі қалаларының 60-тан астам бизнес өкілі келді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Көрмеде фармацевтика, медициналық құралдар, күтім косметикасы, спорт тауарлары, қолөнер бұйымдары, тоқыма, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік саласы және өсімдік негізіндегі препарат өндірушілердің тауарлары ұсынылды. 

Алматыда «Пәкістанда жасалған-2022» көрмесі өтіп жатыр

Көрме ұйымдастырушылары Пәкістан компанияларына қазақстандықтардың қызығушылығын арттыруға және өз бизнесі үшін ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері мен бағыттарын ашуға бірегей мүмкіндік берді. 

 

Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстанның Пәкістандағы елшісі Ержан Кистафин, Пәкістанның Қазақстандағы елшісі Саджад Ахмед Сихар, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директорының орынбасары Нұралы Бөкейханов және Орталық Азиядағы USAID Экономикалық даму бөлімінің директоры Райдер Роджерс қатысты.

 

Алматыда «Пәкістанда жасалған-2022» көрмесі өтіп жатыр

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Кистафин өз сөзінде пәкістандық бизнесмендерге қатысқаны үшін алғысын білдіріп, бұл іс-шара Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға негіз болатынына сенім білдірді. Атап айтқанда, 2021 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $95,1 млн құрады, бұл ретте соңғы 10 жылда Пәкістаннан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар көлемі $16,7 млн құрады. Инвестициялау тұрғысынан химия, мұнай химиясы, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, логистика және IT салаларына қызығушылық танытылуда. 

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали компания атынан Пәкістаннан келген бизнес-делегацияға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, ол біздің экономикаларымыздың ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика және азық-түлік өндірісі сияқты салаларда күшті синергия құру үшін зор әлеуеті бар екенін атап өтті. Көрме аясында Жандос Темірғали «TrueWin Industries», «Kalson Surgical», «Herbion» сияқты фармацевтика және медициналық бұйымдар саласындағы пәкістандық бизнес өкілдермен Қазақстанда өндірісті оқшаулау мәселелері бойынша жұмыс кездесулерін өткізді.
 

Өзгелердің жаңалығы