Алматыда өзеннен жаңа туған шақалақтың денесі табылды

28 Ақпан 2023, 21:00
737
Бөлісу:
Алматыда өзеннен жаңа туған шақалақтың денесі табылды
Фото: almaty.tv

Алматыдағы Түрксіб ауданының тұрғындары өзеннен жаңа туған шақалақтың денесін тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Кеше түнде Словацкий көшесінде жаңа туған шақалақтың денесі табылды. Анасы әлі күнге табылған жоқ. Оқиға шамамен 22:30-да орын алды, - делінген хабарламада. 

Тұрғындар өлі нәрестенің айы-күні жетіп дүниеге келген ер бала екенін айтты. 

Кеше түнде болды. Учаскелік полиция шақырды, біз түнгі үшке дейін көшеде болдық. Таңертеңнен бастап полицейлер ауданды қарай бастады. Әзірге шақалақтың анасы табылған жоқ. Көлікпен өзенге әкеліп лақтырып жіберген болуы мүмкін, - дейді жергілікті тұрғын. 

Алматы полиция жаңа туған баланың табылу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сәйкес сараптамалар тағайындалды. 

Істің мән-жайы анықталып жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы