Алматыда отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтіп жатыр

14 Қараша 2020, 16:47
2243
Бөлісу:
Алматыда отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы полициясы  отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясында орын алатын түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында республикалық «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты кең көлемді іс-шара өткізіп жатыр.

Аталған іс-шара отбасында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, отбасы құндылықтарын қалыптастыруға  бағытталған. 

Алматы қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері күйзеліс орталықтарының өкілдерімен бірге сенім телефондары арқылы зорлық-зомбылық құрбандарына құқықтық кеңес береді. 

Акция барысында азаматтарға Қазақстан Республикасының “Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы” туралы Заңының талаптарын кеңінен түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі. 

Алматы қаласының полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша төменде көрсетілген  телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды: 

Алматы қаласының Полиция департаменті   254-45-99 

Алмалы ауданының Полиция басқармасы  254-46-24 

Алатау ауданының Полиция басқармасы  227-55-54 

Әуезов ауданының Полиция басқармасы   298-53-33 

Бостандық ауданының Полиция басқармасы  254-47-53 

Жетісу ауданының Полиция басқармасы  254-49-43 

Медеу ауданының Полиция басқармасы  254-48-66 

Түркісіб ауданының Полиция басқармасы  298-54-25 

Наурызбай ауданының Полиция басқармасы  254-49-48. 

Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған Дағдарыс орталығына “150” немесе 87772255326 нөмірлері арқылы тәулік бойы әрі құпия түрде  хабарласуға болады.




Өзгелердің жаңалығы