Алматыда отандық бизнесті қолдау бойынша кездесу өтті

6 Сәуір 2023, 17:00
966
Бөлісу:
Алматыда отандық бизнесті қолдау бойынша кездесу өтті
Фото: «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп отандық тауар өндірушілермен дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында жергілікті кәсіпкерлер түрлі сипаттағы мәселелерді көтерді.

Олардың қатарында отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі, айыппұл санкцияларының болмауы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде қолдау тетігінің жоқтығы мәселелері бар.

Алматыда отандық бизнесті қолдау бойынша кездесу өтті

Спикерлер атап өткендей, бүгінгі таңда отандық тауар өндірушілерді қолдау жұмыспен қамтуды сақтау мен экономикалық өсудің басты өлшемдерінің бірі болып табылады. Ал мемлекеттік сатып алудағы жүйелік проблемалар жергілікті кәсіпорындарға олардың әлеуетін толық пайдалануға кедергі келтіреді.

Осы кемшіліктерді жою мақсатында кәсіпкерлер арасында заңнамаға өзгерістер мен толықтыруларды одан әрі енгізу үшін пікір және ұсыныстар алмасу мақсатында жұмыс тобы құрылды.

Өзгелердің жаңалығы