Алматыда Орталық Азияның мәдени іс-шара ұйымдастырушылары жиналды

17 Қаңтар 2024, 13:00
560
Бөлісу:
Алматыда Орталық Азияның мәдени іс-шара ұйымдастырушылары жиналды
Фото: автордан

Алматыда Қазақстанның инженерлік-техникалық әлеуетін арттыруға бағытталған конфереция өтіп жатыр, деп хабаралайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

«Жас сахна» театрының ғимаратында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жалға беруші және ивент компанияларының екінші Орта Азия конференциясы өтуде.

Аталмыш конференция – бүкіл Орталық Азия аймағынан шоу-индустрия, сахна режиссурасы, дыбыс және жарық жабдықтарының 200-ден астам техникалық мамандарын біріктіретін 2024 жылдың ең үздік іс-шараларының бірі. Іс-шара аясында мегаполиске Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейдың үздік мамандары жиналды. 

Алматыда Орталық Азияның мәдени іс-шара ұйымдастырушылары жиналды

Сондай-ақ Франция, Германия, Италия, Чехия, Ұлыбритания, Қытай сияқты елдердің әлемдік деңгейдегі техникалық мамандарынан ашық білім беру бағдарламалары, тренингтер, дәрістер, семинарлар, презентациялар және мастер-класстары ұсынылды.

Алматыда Орталық Азияның мәдени іс-шара ұйымдастырушылары жиналды

Біздің компаниямыз жалға беруші және ивент компанияларының Орта Азиялық конференциясын екінші рет ұйымдастыруда. Конференцияның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдері мамандарының инженерлік-техникалық әлеуетін арттыру. Ол үшін әрине әртүрлі техника қажет және оны қолдана алатын мамандарды оқыту керек. Осы мақсатта біз шетелден 20-ға жуық мамандады мастер-класс өткізуге шақырдық. Жалпы іс-шара алдын ала тіркелген барлық азаматтар тегін қатыса алады. Қазіргі уақытта 500-ден астам адам тіркеліп, іс-шараға қатысып жатыр, – деді «Самат Шоу Техник» компаниясының президенті әрі ұйымдастырушы Рустам Мусин.

Алматыда Орталық Азияның мәдени іс-шара ұйымдастырушылары жиналды

Айта кеткен жөн, іс-шара аясында Орталық Азиядағы жарық суретшілеріне арналған алғашқы баскинг турнирі өткізіледі. 

Сонымен қатар әлемнің жетекші өндірушілерінің дыбыстық, жарықтандыру, сахналық және бейнепроекциялық жабдықтардың жаңа өнімдері мен флагмандық өнімдерінің тұсаукесері болады.

Алматыда Орталық Азияның мәдени іс-шара ұйымдастырушылары жиналды
Өзгелердің жаңалығы