Алматыда Орталық Азия елдерінің тұрақты даму мақсаттары бойынша екінші саммиті басталды

16 Маусым 2022, 09:52
2146
Бөлісу:
Алматыда Орталық Азия елдерінің тұрақты даму мақсаттары бойынша екінші саммиті басталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда «COVID-тен тыс - Орталық Азияда әділдік негізінде қалпына келтіру жолында» Орталық Азия елдерінің тұрақты даму саласындағы мақсаттары бойынша екінші өңірлік саммит өтіп жатыр.

Саммитті Қазақстан Республикасының Үкіметі Еуропалық Одақ пен Азия Даму Банкінің (АДБ) қаржылық қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) әріптестікте ұйымдастырды.

Өңірлік саммитке өңір елдері үкіметтерінің саяси көшбасшылары, халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық топтардың өкілдері, жеке сектордың басшылары және Орталық Азияның азаматтық қоғамының өкілдері қатысып жатыр.

Саммиттің тақырыптық сессиялары Орталық Азиядағы өңірлік даму сын-қатерлерін және «жасыл» экономика мен климаттық күн тәртібіне назар аудара отырып, пандемиядан кейінгі қалпына келтіру стратегияларын талқылау үшін коммуникациялық платформаларды ұсынады. Қала әкімдерінің дөңгелек үстелі шеңберінде қатысушылар Орталық Азиядағы ірі және шағын қалаларды дамыту үшін жергілікті шешімдерді және ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) оқшаулау арқылы олардың тұрақты дамуға көшуін талқылайды.

Жекелеген сессиялар сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, тұрақты даму үшін әйелдер мен жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, ТДМ-ге қол жеткізуді жеделдету үшін ТДМ қаржыландырудың синергиясын қамтамасыз ету және әріптестік мәселелеріне арналады.

Бүгінде жаһандық мақсаттарға қол жеткізу үшін ұлттық және өңірлік деңгейлерде батыл іс-қимыл мен жаңашыл әріптестік қажет. Бұл елдер, секторлар мен дисциплиналар арасындағы әріптестік пен сындарлы диалогты талап етеді. Барлық мүдделі тараптар – мемлекет, жеке сектор, ұлттық және халықаралық ұйымдар – тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етуде өз рөлін атқаруға тиіс.

Өзгелердің жаңалығы