Алматыда өгей ұлын өлтірген қылмыскер 20 жылға сотталды

23 Мамыр 2024, 10:52
1731
Бөлісу:
Алматыда өгей ұлын өлтірген қылмыскер 20 жылға сотталды
Фото: "НеМолчиКЗ"

19 жастағы ер адам азаматтық некедегі өгей баласын өлтіргенін мойындамады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жас баланы өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

Д. есімді азамат 2023 жылдың тамыз айынан бастап өзінің оқытушысымен және оның бірінші некесінен туған ұлымен бірге жалға алынған пәтерде тұрған. Сотталушы жұдырықпен, баланың басы мен асқазанына 8-9 рет соққы берген. Салдарынан баланың бауыры жарылып, ішіне қан кеткен. Ер адам баланы өлімші халде балабақшаға апарып тастаған. Салдарынан сәби балабақшадан ауруханаға жеткізілген. Бірнеше күннен кейін ол алған жарақаттарынан ауруханада жатып, қайтыс болды, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Прокурор айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Сот ер адамды өгей ұлын өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, 20 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы