Алматыда нан сатып алуға шектеу қойылды

16 Ақпан 2021, 13:42
4162
Бөлісу:
Алматыда нан сатып алуға шектеу қойылды

Алматы, BAQ.KZ.  Алматыда нанды зауыт бағасымен сататын фирмалық дүкендерге шектеу қойылды. Енді бір адамға бес наннан артық сатылмайды. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

Кейбір алыпсатарлар таңертең нанды түгелдей сатып алып, кейін үстіне баға қосып сатады. Дегенмен «Ақсай» нан-бәліш комбинаты» ЖШС-нің өндісі бұрынғы деңгейде қалып отыр. Сондықтан қала дүкендеріне өнімді жеткізу көлемі азайған жоқ, - делінген хабарламада.

Басқарма мәліметінде мұндай шара жұртшылықтың әлеуметтік азықты қолжетімді бағада алуы үшін жасалып отырғаны айтылған. 

Бұған дейін әкімдік пен «Ақсай» нан-бәліш комбинаты» ЖШС-і арасында жасалған келісім бойынша бір бөлке нанынң бағасы 75 теңге көлемінде бекітілген.

Өзгелердің жаңалығы