Алматыда мұзға өрмелеуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

4 Наурыз 2024, 07:43
392
Бөлісу:
Алматыда мұзға өрмелеуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Алматы қаласындағы Skala climbing gym спорт кешенінде мұзға өрмелеуден ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлімдеді.

Аталған ел біріншілігіне еліміздің 6 өңірінен 28 спортшы қатысып, бақ сынауда. Бүгін ересектер арасында үздіктер анықталды. Енді ертең спортшылар жастар, жасөспірімдер санатында сынға түседі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі келесідей:

Жылдамдық, ерлер:
1 орын - Мейірман Сағынтай (Астана қаласы)
2 орын - Мұхаммед Бейсенов (СҚО)
3 орын - Антон Зимин (Алматы қ.)

Жылдамдық, әйелдер:
1 орын - Полина Аубакирова (Алматы қ.)
2 орын - Елена Синяева (Алматы қ.)
3 орын - Анна Денисова (СҚО)

Қиындық, ерлер:
1 орын - Мейірман Сағынтай (Астана қаласы)
2 орын - Иван Николаев (Алматы қ.)
3 орын - Андрей Гизбрехт (Алматы қ.)

Қиындық, әйелдер:
1 орын - Полина Аубакирова (Алматы қ.)
2 орын - Елена Синяева (Алматы қ.)
3 орын - Анна Денисова (СҚО)

Көпсайыс, ерлер:
1 орын - Мейірман Сағынтай (Астана қаласы)
2 орын - Иван Николаев (Алматы қ.)
3 орын - Мұхаммед Бейсенов (СҚО)

Көпсайыс, әйелдер:
1 орын - Полина Аубакирова (Алматы қ.)
2 орын - Елена Синяева (Алматы қ.)
3 орын - Анна Денисова (СҚО)

Сонымен қатар ересектер арасында командалық есепте Астана құрамасы көш бастады. Алматы қаласының құрамасы екінші орыннан көрінсе, Солтүстік Қазақстан облысы үздік үштікті түйіндеді. Чемпионат 5 наурызға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы