Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлауға қатысуына жағдай жасалады

10 Қараша 2022, 18:28
1420
Бөлісу:
Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлауға қатысуына жағдай жасалады

Алматыда сайлау күні сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында сурдоаудармашылар жұмыс істейді және ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған арнайы такси қатынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Алматыдағы аумақтық сайлау комиссиясында саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен семинар-кеңесте сайлауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Спикерлер ең алдымен сайлаушылар тізімін жасау ережелерін түсіндірді. Сайлау учаскелеріндегі материалдық-техникалық жағдайды қамтамасыз етудің маңызды екенін де тілге тиек етті. 

Алматы әкімдігімен бірге Президент сайлауына дайындық барысын пысықтадық. Әрбір сайлаушыға барынша жағдай жасалуға тиіс. Қарттарға, мүгедектерге еш кедергі болмауы керек. «Дауыс беру күні» тренингін өткіземіз. Мұнда біз сайлау күні учаскелік сайлау комиссиялары жүргізетін барлық рәсімді талдаймыз. Алдағы сайлауға дайындықты бақылау мақсатында бірқатар сайлау учаскелерін аралаймыз, - деді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров. 

Еске сала кетсек, сайлау күні Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 59-ы жабық мекемеде орналасқан. Алматыда 1 млн 200 мың сайлаушы кезектен тыс Президент сайлауында өз таңдауын жасай алады. 

Өзгелердің жаңалығы