Алматыда миллионнан аса айыппұлы бар көлік айыптұраққа қойылды

18 Желтоқсан 2023, 08:21
551
Бөлісу:
Алматыда миллионнан аса айыппұлы бар көлік айыптұраққа қойылды
Фото: архив

Көліктің айыппұлы «Қорғау – қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Мерседес» маркалы көліктің жүргізушілеріне жол ережесін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздың жалпы сомасы 1 миллион 176 мың 450 теңгені құрайды.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деп жазды Алматы полициясынан.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды мемлекетке өндіру жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы