Алматыда мейрамханаларда қатты және сұйық отын жағуға тыйым салынады

Мамандардың айтуынша, 2027 жылға қарай шығарындылар 37 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін азаюы мүмкін

 pixabay Бүгiн 2026, 03:56
Бүгiн 2026, 03:56
488
Фото: pixabay
Алматыда жылына 189 мың тонна зиянды шығарындылар жиналады. Оның 60 пайызы автокөліктерге тиесілі. Ал екінші орында – энергетика саласы.
 
Бұл туралы ауаны қорғау ережелері бойынша өткен кездесуде айтылды, деп жазды Аlmaty.tv.
 

Бүгін қоғамдық тамақтандыру орнының өкілдерімен арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Келесі жылдан бастап мейрамханаларда қатты және сұйық отын қолдануға тыйым салынады. Бүгінде мегаполистегі жеке сектордың 99 пайыздан астамы, ал қала маңындағы нысандардың шамамен 92 проценті газға қосылған. Қаланы түтіннен арылтып, ауа сапасын жақсарту үшін бірқатар шара қолға алынып жатыр. Жылу электр орталықтарын газға көшіру жобасы.

Мамандардың айтуынша, 2027 жылға қарай шығарындылар 37 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін азаюы мүмкін.

Айта кетейік, былтыр Экологиялық кодекстің 206-бабын іске асыру аясында ауаны қорғау қағидаттары бекітілген.

2027 жылдың 1 январьнан бастап қағидаларға сай қала бойынша бекітілген аймақтарда қатты және сұйық отын қолдануға тыйым салынатын болады. Бизнес өкілдеріне түсіндіріп, құрылғыларын газға немесе электрге ауыстыруын және фильтр орнату керек екенін айтып жатырмыз, – деді "Eco Almaty" ЖШС директорының орынбасары Айдана Қасен.

Наверх