Алматының 36 емханасында кәдеге жарату үшін мерзімі өткен, пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған дәрі-дәрмектерді тапсыруға арналған контейнерлер орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дәрі-дәрмектер – қауіпті қалдықтар. Оларды дұрыс тастамау қоршаған ортаға және денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Белсенді заттар топырақ пен суға түсіп, экожүйелер мен адамдарға қауіп төндіреді.
Тапсыруға болатын дәрілік препараттар
Таблеткалар, капсулалар, майлар, кремдер, гельдер, ампулалар, бөтелкелер, сироптар және сұйық ерітінділер.
Назар аударатын жайт: қанмен байланыста болған шприц, ине мен медициналық қалдықтарды тапсыра алмайсыз – олар медициналық мекемелерде бөлек жойылады.
Қабылдау пункттері бар емханалардың толық тізімі EcoNetwork сайтында қолжетімді.