Алматыда медицина ғалымдары бас қосты

22 Мамыр 2019, 22:46
2697
Бөлісу:
Алматыда медицина ғалымдары бас қосты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыдағы «Rahat Palace» қонақ үйінде ғылым мен бизнесті инновациялық үдерісте біріктіруге бағытталған «SCIENCE AND BUSINESS» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Ғылыми шараны «Жалпы тәжірибе дәрігері – Консультант Эксперт» медициналық консультативтік орталығы және «Жалын» ғылыми өндірістік техникалық орталығы бірлесіп ұйымдастырды. 

Ғылыми тәжірибелер алмасу шарасына Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Самек Властимил, «Жалын» ғылыми өндірістік-техникалық орталығының бас директоры Сестагер Ақназаров, Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Юрий Синявский және тағы басқа отандық ғалымдар, кәсіпкерлер, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бас қосты. 

Конференция жұмысында «Медицина, нанотехнология, биомедицина және агроөнеркәсіп саласындағы теория мен практика бойынша ақпарат және пікір алмасу», «Бірлескен ғылыми және бизнес бағдарламаларды талқылау және әзірлеу, шарттар мен келісім-шарттар жасасу», «Медицина, нанотехнология, биомедицина және агроөнеркәсіп саласындағы қазіргі заманғы ғылым мен өнеркәсіптің жағдайын талдау» секілді тақырыптар бойынша әңгіме өрбітілді. 

«Қазіргі кезде халыққа қажетті мәліметті таратушылар және біздің тарапымыздан ұсынылған өнімді тұтынушылар саны уақыт озған сайын арта түсуде. Соның нәтижесінде кең тараған аллергиялық аурулар азайып, бірқатар улану түрлерінен адамдар тез айығуда», – дейді  INFINITЕ компаниясының бас директоры Марат Шугаепов. 

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша жас ғалымдарға үздік ғылыми еңбектерін баяндаған үшін ақшалай сыйлықтар берілді. Бұл қолдау жас ғалымдарға жаңа мүмкіндіктер береді және жастардың технологиялық міндеттер мен проблемаларды шешуге қатысуын ынталандырады.

Өзгелердің жаңалығы