Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған

29 Сәуір 2024, 14:41
6839
Бөлісу:
Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған

Мәйітхана күзетшісі некрофилияға күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде журналист Михаил Козачков күзетшінің қылмысы қалай белгілі болғанын жазған.

Мендегі ақпарат бойынша қылмыскер телефонын ломбардқа өткізбек болған. Онда қызметкерлер телефонды бағалап, құрылғының оған тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұрайды. Ол жерде 18 + фотолар болған, - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр, – дейді ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы