Алматыда LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінің бір бөлігі түнде жабылады

Осы уақытта мамандар инженерлік желілерді қайта орналастыру жұмыстарын жүргізеді.

 Алматы қаласының әкімдігі 15 Тамыз 2026, 20:14
15 Тамыз 2026, 20:14
175
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Алматыда LRT жобасы аясындағы құрылыс жұмыстарына байланысты қаланың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Атап айтқанда, Төле би көшесінің Масанчи көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігі жартылай жабылады. Шектеу 15 тамыз сағат 23:00-ден 16 тамыз сағат 06:00-ге дейін күшінде болады.

Әкімдік мәліметінше, осы уақытта мамандар инженерлік желілерді қайта орналастыру жұмыстарын жүргізеді. Бұл учаскеде уақытша ескерту жол белгілері орнатылады.

Сонымен қатар Әшімов көшесінің Сәбденов көшесінен Сағатов көшесіне дейінгі бөлігінде де қозғалыс шектеледі. Бұл учаске 15 тамыз сағат 20:00-ден бастап жабылып, 17 тамызда қайта ашылады деп жоспарланып отыр.

Әшімов көшесінде мамандар сумен жабдықтау және кәріз желілерін қайта орналастыру жұмыстарын жүргізеді.

Жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысына енгізілетін уақытша өзгерістерді ескеру сұралады.

Наверх